қазақша · русский · english
 
Академик Т.С.Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы
 
 
Халықаралық қызмет

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы халықаралық іс-шаралардың негізгі бағыттары тарихи білім беру ісінің ауқымын кеңейтіп, дамыту және халықаралық білім беру мекемелері мен ұйымдары арасындағы өзара ғылыми-педагогикалық және саяси-мәдени міндеттердің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған. ХХІ ғасырдағы әлемдік білім беру кеңістігінде факультетте жоғары білікті тарихшы мамандар даярлау ісі шетелдік жоғары оқу орындарымен және академиялық білім берудегі халықаралық ынтымақтастық аясында белсенді түрде жандана түсуде. Мәселен, Абай атындағы ҚазҰПУ мен әлемнің    28 елімен оның   90 жетекші ғылыми-педагогикалық орталықтар арасында тығыз ынтымақтастық байланыс орнатылып, шетелдік жоғары оқу орындарымен жоғары білім және ғылым саласында екі жақты өзара келісім-шарттарға қол қойылды. Қазіргі уақытта факультеттің білім беру жүйесі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарында оқытудың жоғары стандарттары қолданылып, заман талабына сай ғылыми-педагогикалық мамандар даярлау ісінің тұрақты дәстүрлері қалыптасқан. Бұл мәселе факультет ұстаздарының түрлі халықаралық ғылыми жобаларға белсене қатысып, халықаралық конференциялар мен ғылыми семинарларда ғылыми баяндамалармен танылуынан, профессор-оқытушылардың ғылыми және ғылыми-әдістемелік іс-тәжірибелерге атсалысып, бірігіп монографиялық еңбектер жариялаудан, ғылыми зерттеу мақсатында арнайы іссапарларға шығу және шетелдік жоғары оқу орындарымен өзара студент алмасу тәрізді халықаралық іс-шаралардан айқын көрінеді. Мәселен, аталмыш оқу жылында тарих факультеті мен Ресей Халықтар достығы университеті, К.И.Скрябин атындағы Қырғыз Ұлттық аграрлық университеті, К.Д. Ушинский атындағы Ярославль мемлекеттік  педагогикалық университеті арасында  ғылыми байланыстар жолға қойылды.

2010 жылдың сәуір айында «5В01140-тарих» мамандығының 1 курс студенттеріне РФ Ресей Ғылым академиясының академигі, «Археология России» кітабының авторы, т.ғ.д., профессор А.А.Мартынов, 2010 жылы қарашада «Казахстанско-российские отношения на современном этапе» тақырыбында Ресей Халықтар достығы университетінің Отан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор В.М.Козьменко дәріс жүргізді.

2011жылдың қазан айында К.Д. Ушинский атындағы Ярославль мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, т.ғ.д. А. Б.Соколов «Другая история: новое направление современной западной  историографии» тақырыбында Мастер- класс өткізді.

2010 жылы маусымда Отан тарихы кафедрасы мен халықаралық құқық кафедрасы өзара бірлесе отырып Алматы қаласындағы Ресей Федерациясы елшілігінің консулы Б.Б.Мещанинов арасында ұйымдастырылған кездесуге факультет студенттері қатыстырылды. Сондай-ақ, 2010/2011 оқу жылында кафедра оқытушыларының ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша  т.ғ.к., доцент Г.Т.Жайнақбаеваның Испанияның  Сантьяго де Компостелла университетінде, т.ғ.к., доцент Д.С.Байқонақовтың Италияның Сиена университетінде ғылыми іс-тәжірибе жинақтауы факультет жұмысының жемісі.

Халықараық ынтымақтастықты дамыту мақсатында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы Германия, Россия, Түркия, Кыргызстан, Польша, Болгария университеттерінде өткен халықаралық конференцияларға қатысып отырады.

Оқытушылардың ғылыми мақалалары халықаралық конференциялардың жинақтарында жарық көрді: Москвада, Санк-Петербургте (РФ), в  Бишкекте (ҚР), в Штудгартта (Германия), в Прагада (Чех републикасы), в Гданскіде, Варшавада (Польша).

2009 жылы қараша айында Георг Эккерт атындағы институтта мектеп оқулықтары жөніндегі халықаралық зерттеу ісіне байланысты Германияның Брауншвейг қаласында т.ғ.к., доцент Т.Т.Далаева «Налаживание сотрудничества со странами Центральной Азии в сфере школьных учебников» атты ғылыми жоба аясында ғылыми-практикалық дайындықтан өтті.

2010 жылы қыркүйек айында т.ғ.к., доцент Т.Т.Далаева Түркияның Кайсери қаласындағы Эрджиес университетінде «Сельджукский период в зеркале истории» тақырыбында өткізілген І-ші Халықаралық симпозиум жұмысына қатысты. Тарих факультетінің деканы, т.ғ.д. Ғ.Қ.Кенжебаев 2010 жылы қарашада Халықаралық білім бағдарламасы орталығы, «Этносфера» халықаралық ұлттық білім орталығы және Мәскеу әкімшілігінің ұйымдастыруымен Мәскеу қаласында өткен Педагогикалық форум жұмысында іс-тәжірибе алмасып қайтты.

2011жылдың мамыр айында тарих факультетінің деканы, т.ғ.д. Ғ.Қ.Кенжебаев білім беру  саласында халықаралық ынтымақтастық орнату орнату мәселелері бойынша Лондонда (Ұлыбритания) Қазақстан делегациясының құрамында болды.

Тарих факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Отан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к. С.Х.Байдильдина «Қазақстанның әскери өнеркәсіп кешені. 1940-1991жж. Тарихи талдау» тақырыбындағы зерттеу бағыты бойынша Ресей Федерациясының мемлекеттік мұрағаттарында (ГАРФ, РГАЭ) жұмыс істеп қайтты. (Москва, РФ, шілде, 2011 ж.).

Отан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к Т.Т.Далаева XII ESCAS Biennial conference «Central Asia: a Maturing field» халықаралық ғылыми конференцияға (Churchill College, Cambridge,CB3 0DS, 19-22 қыркүйек 2011ж.) қатынасты.

2011 жылдың қазан айында тарих факультетінің деканы, т.ғ.д. Ғ.Қ.Кенжебаев, т.ғ.д., профессор Ғ.Х.Халидуллин, т.ғ.д., доцент К.М.Төлеубаева және студенттер тобынан тұратын тарих факультетінің делегациясы халықаралық қатынастар бойынша Венгрияда болып қайтты.

Осылайша, аталмыш оқу жылында тарих факультетінің профессор-оқытушылары жоғары педагогикалық білім беру мен іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу ісінде шығармашылық ізденістерін жетілдіре отырып, халықаралық ынтымақтастық бағытында айтулы шараларды жүзеге асыруға лайықты үлес қосты.

К.Д. Ушинский атындағы Ярославль мемлекеттік педагогикалық университетімен қарым- қатынас барысында т.ғ.к., доцент Далаева Т.Т. Халықаралық  практикалық конференцияға қатысып, «Британия: история, культура, образования» тақырыбында баяндама жинады. 24-25 қыркүйек 2012ж. (Ярославль қаласы, РФ)

Кафедра оқытушылары Қазақстандағы және шет елдердегі ғылыми мекемелер мен шет ел оқытушылары өткізген мастер-класстар мен курстарға үнемі қатысып тұрады.     

Кафедра аға оқытушысы Әзретбергенова Э. «Профессиональное развитие образовательных и организационных навыков в ВУЗе» атты  Жапон елінің Цукуба университетінде өткен Халықаралық біліктілікті көтеру курсына қатысып қайтты (27 қараша -10 желтоқсан  2012 ж.).

2013 жылы кафедра доценттері У.М. Джолдыбаева Э.О.Қырықбаева және  С.К.Тулбасиевалар в Карлова Университетінде  (Чешская Республика г.Прага) Халықаралық біліктілікті көтеру курсынан өтті (20 ақпан-4 наурыз 2013ж).

Академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы атқарылған мұндай жұмыстардың нәтижесі халықаралық іс-шаралар бойынша қол жеткізген жетістіктердің аталмыш оқу жылында қалыпты деңгейде болғанын көрсетеді.