қазақша · русский · english
 
Академик Т.С.Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы
 
 
25.03.2021

«ХХІ ғасырдағы тарих ғылымы мен білімі» халықаралық ғылыми конференциясы

 

2021 жылы 23 наурызда Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университетінде «ХХІ ғасырдағы тарих ғылымы мен білімі» халықаралық ғылыми конференцияның бірінші күні, екінші бөлімде «Тарихты оқытудағы дереккөздерді пайдалану, оларды таңдау және жіктеу мәселелері: тарыхшылардың көзқарасымен» Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Далаева Т.Т. «ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы дәстүрлі қазақ қоғамының күнделікті өмірін репрезентациялау және визуализациялау: зерттеу және оқыту стратегиялары» тақырыбында баяндама жасады.

 

Бұл XVIII ғасыр мен ХХ ғасырлар басындағы дәстүрлі қазақ қоғамының күнделікті өмірінің тарихын оқыту пәні туралы әріптестерімен ой бөлісу және қазіргі кезде Қазақстан тарихының визуалды дереккөздерін түсіндірудің қандай зерттеу стратегиялары бар, сондай-ақ «XIX - XXI ғ.ғ. басындағы қазақстандық бейнелердің тарихы мен визуалды антропологиясы: эволюциясы мен субъектінің қалыптасуы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ғылыми жобасын іске асыру аясында студенттерге қандай визуалды дереккөздер қол жетімділігін талқылаудың тамаша мүмкіндігі болды.

 

   

 

 




Кері оралу