қазақша · русский · english
 
Академик Т.С.Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы
 
 
05.09.2022

Кафедраның 1 курс студенттерімен танысу кеші

 

2022 жылдың 3 қыркүйегінде Тарих және құқық институтының «Академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының» оқытушылар құрамы мен білім алушылары кафедраның 1 курс студенттері, магистрант-докторанттарымен танысу кешін ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты - кафедраның білім алушыларының оқу қызметіне дайындығы мен бейімделу дағдысына баулу.

 

Білім алушылармен кездесу барысын институт директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Д.Б.Асымова ашып, студенттерге жылы лебізін білдірді. Кафедра меңгерушісі Б.О.Жангуттин студент-магистрант жастарға кафедра мамандықтары мен білім беру бағдарламаларының ерекшеліктерін, академиялық саясат және білім алушылардың академиялық күнтізбесін түсіндірді. Республикамыздың белгілі ғалымы, әйгілі алаштанушы, ҚР ҰҒА академиғі, т.ғ.д., профессор Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы студенттерді құттықтап, саралы ойларымен бөлісіп, адалдыққа, сапалы білім алуға мүдделі болуға шақырды. Кездесу барысында кафедраның басқа оқытушылары да сөз сөйледі, олар ішкі тәртіп ережелерін және студенттің оқу іс-әрекетіне қойылатын талаптарды түсіндірді. Кафедраның белсенді студент-магистранттары кездесу барысында өз пікірлерін білдіріп, студенттік кездің қызықты естеліктерімен бөлісті. Институттың қоғамдық өміріне белсене араласу, студенттік шақты тиімді өткізу сынды өз кеңестерінде айтып өтті.

 

Кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өтілді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу