қазақша · русский · english
 
Академик Т.С.Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы кафедрасы
 
 
27.02.2025

«Картофельное бюро: КСРО-дағы қоғамдық тамақтану алғашқы бесжылдықтар кезінде» дәрісі


2025 жылдың 25 ақпанында Алматыдағы Француз Альянсында (Достық даңғылы, 160) «7М01605 - Тарих: Қазақстанның жаңа және қазіргі замандағы әлеуметтік тарихы» білім беру бағдарламасының магистранттары тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Далаева Т.Т. жетекшілігімен Пантеон-Сорбонна университетінің доценті, ғылыми зерттеулер жетекшісі, КСРО-ның әлеуметтік тарихы бойынша маман Франсуа-Ксавье Нерардың «Картофельное бюро: КСРО-дағы қоғамдық тамақтану алғашқы бесжылдықтар кезінде» тақырыбындағы дәрісін тыңдады.


Дәрістен кейін қызықты пікірталас өтті. Дәріс Тарих және құқық факультеті Академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстанның жаңа және қазіргі заманғы тарихы кафедрасының магистранттары үшін пайдалы болды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу