қазақша · русский · english
 
Академик Т.С.Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы кафедрасы
 
 
08.04.2025

«Археологиядағы пәнаралық зерттеулер – нәтижелері мен негізгі перспективалары» тақырыбында дәріс өтті


2025 жылдың 7 сәуірінде Әсемгул Дәуренқызы Қасенованың жетекшілігімен Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкерлері М. Шагирбаев, Р. Жанұзақ, М. Суюндикова және жас ғалымдар Ғылым күніне орай Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық факультет студенттеріне тас дәуірінен бастап орта ғасырлар кезеңіне дейінгі уақытты қамтитын «Археологиядағы пәнаралық зерттеулер - нәтижелері мен негізгі перспективалары» тақырыбында дәріс оқыды.


Дәрісте археология, антропология, керамика және басқа да археология ғылымдарының пәнаралық байланысы мен зерттеулердің маңызы кеңінен түсіндірілді. Ғалымдар осы бағыттағы соңғы ғылыми жетістіктер мен болашақта қолға алынуы тиіс зерттеу жұмыстарын атап көрсетті. Сонымен қатар, пәнаралық зерттеулердің археология ғылымындағы орны мен мүмкіндіктері талқыланып, әрбір ғылым саласының археологиялық қазбалар мен артефактілерді зерттеудегі рөлі көрсетілді.


Ғылыми қызметкерлер пәнаралық тәсілдердің археологияның дамуына қосар үлесін атап өтіп, студенттерге осындай зерттеулердің терең әрі кең қамтылған нәтижелері туралы мағлұмат берді. Археологиялық зерттеулердің әртүрлі ғылымдардың бірігуі арқылы әрі қарай қалай жетілдірілуі керектігі және келешекте қандай жаңашылдықтар күтілетіні туралы ойлар ортаға салынды.


Бұл дәріс студенттер үшін археология ғылымындағы пәнаралық зерттеулердің маңыздылығы мен болашағы туралы терең түсінік қалыптастырып, жас ғалымдардың ғылыми көзқарасын кеңейтті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу