қазақша · русский · english
 
Академик Т.С.Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы кафедрасы
 
 
24.04.2025

Ауған соғысы ардагерімен кездесу және «Ауғандағы отты күндер» кітабының тұсаукесері


2025 жылғы 22 сәуірде «Цифрлық дәуірдегі Қазақстанның қоғамдық тарихы» пәні аясында Тарих және құқық факультеті «Тарих» білім беру бағдарламасы 1 курс магистранттары Ауған соғысы ардагері Талғат Алпамысовпен ашық диалог форматында кездесу өткізді. Кеш барысында Талғат Алпамысовтың «Ауғандағы отты күндер» атты кітабының тұсаукесері болды. Шара дәріс-диалог форматында ұйымдастырылып, Қазақстан мен Өзбекстаннан келген ғалымдар мен студенттердің басын қосты.

 

Ардагер соғыстағы жеке тәжірибесімен, тарихи жады мен оның бүгінгі ұрпақ үшін маңызымен бөлісті. Тыңдаушылармен еркін диалог барысында әскери оқиғаларды қоғамда таныстырудың жолдары мен куәгерлердің рөлі кеңінен талқыланды.

 

Магистранттар дайындаған жобалық көрме ерекше қызығушылық тудырып, көрмеде архивтік материалдар, фотосуреттер мен визуалды реконструкциялар ұсынылды.

 

Кітаптың таныстырылымы тыңдаушылар тарапынан жылы қабылданып, сұрақ-жауап форматында жалғасты. Бұл кездесу академиялық білім мен тарихи жадының тоғысуының жарқын үлгісіне айналды.

 

  alt=  


  alt=  





Кері оралу