Академик Т.С.Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы кафедрасы | ![]()
16.06.2025
«Нығмет Нұрмақов - мемлекет және қоғам қайраткері: ұлт тағдырының күрделі кезеңдері және қазақ саяси элитасы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы 2025 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Тарих факультеті, Қарағанды облысының әкімдігі Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы, Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» және КММ «Шаңырақ» Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының қауымдастығы» РҚБ ұйымдастырумен, «Нығмет Нұрмақов - мемлекет және қоғам қайраткері: ұлт тағдырының күрделі кезеңдері және қазақ саяси элитасы» (Нығмет Нұрмақовтың туғанына 130 жыл толуына орай)» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференцияға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті академик Т.С. Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы кафедрасының 3 курс докторанты Диана Құндызбай қатысып, «ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақтардың босқыншылыққа ұшырау мәселесі: миграциялар теориялар контексінде» тақырыбында, «Тарихи жады мен ұлттық сана: заманауи көзқарастар» секциясында баяндама жасады. Конференция жұмысына Қазақстанның, алыс және жақын шетелдің тарихшы-ғалымдары қатысып, еліміздің тарихына қатысты құнды баяндамалар жасады. «Кеңестік дәуірдегі репрессиялық саясат: Орталық Қазақстан бойынша» атты еңбектің тұсаукесері өтті. «Шаншар Жарлығап Тілеукеұлы қоры» және «Н. Нұрмақов қоры» атынан тарих факультетінің жас зерттеушілеріне стипендиялар табысталды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|