қазақша · русский · english
 
Академик Т.С.Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы кафедрасы
 
 
17.06.2025

Абай университетінің өкілдері Өзбекстандағы ESCAS 2025 халықаралық конференциясына қатысты

 

2025 жылғы 12-15 маусым аралығында Өзбекстан Республикасының Ташкент және Самарқанд қалаларында «Moving Central Eurasian Studies ever further: Orthodox vs Unorthodox approaches» тақырыбындағы ESCAS 2025 аймақтық конференциясы өтті.

 

Университеттік «XXI ғасырда тарихи білім беруді трансформациялауда VR/AR технологияларын қолданудың мүмкіндіктері мен перспективалары» жобасы аясында (2025 жылғы 3 сәуірдегі №05-04/250 бұйрық) жоба жетекшісі - тарих ғылымдарының кандидаты, жетекші ғылыми қызметкер, Абай атындағы ҚазҰПУ академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстанның жаңа жəне қазіргі замандағы тарихы кафедрасының профессор-зерттеушісі Далаева Т.Т. және ғылыми қызметкер, «8D01605 - Қазақстанның жаңа әлеуметтік тарихы» БББ 1 курс PhD докторанты Идрисова А.М. «Visual Language for Knowledge Production (Methods and Practices)» атты секцияда баяндама жасады.

 

Конференцияға қатысу ғылыми байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ зерттеу жұмысының аралық нәтижелерімен бөлісуге мүмкіндік берді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу