
Академик Т.С.Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы кафедрасы | Басты / Факультеттер / Тарих және құқық факультеті / Кафедралар / Академик Т.С.Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы кафедрасы / Жаңалықтар
12.11.2025
Phd доктор А.Бимолданова шетелдік тағылымдамадан өтті
«Академик Т.С. Садыков атындағы Қазақстанның жаңа және қазіргі замандағы тарихы» кафедрасының аға оқытушысы, PhD А.А. Бимолданова 2025 жылдың 16-31 қазаны аралығында Erasmus+ бағдарламасы аясында академиялық ұтқырлық шеңберінде Италияның Кьети-Пескара қаласындағы Г. д’Аннунцио университетінде тағылымдамадан өтті. Академиялық ұтқырлық «KA171 Орталық Азия және Қазақстан» атты халықаралық жоба аясында ұйымдастырылды. Аталған жоба Comune di Pescara әкімдігімен, соның ішінде қала мэрінің тікелей қолдауымен жүзеге асырылды. Тағылымдамаға Орталық Азия елдерінен - Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан университеттерінің оқытушылары қатысты. Тағылымдама барысында Габриэле д’Аннунцио университетінің профессоры PhD Мария Тереза Джусти «Talks» форматы бойынша екі ел арасындағы заманауи саяси, мәдени және экономикалық қатынастар туралы бірқатар дәрістер оқыды, ХХ ғасыр тарихының белгісіз беттермен таныстырды. Сонымен қатар тағылымдама қатысушылары ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Шығыс Еуропа елдері тарихы бойынша маман профессор Франческо Каккамоның дәрістеріне қатысты. Тағылымдама бағдарламасы мәдени-ағартушылық іс-шаралармен толықтырылды. Оқытушылар Пескара және Кьети қалаларындағы мұражайлар мен мәдени орындарды аралап, Италияның тарихы мен мәдениетімен тереңірек танысу мүмкіндігіне ие болды. Шетелдік тағылымдама әріптестермен ғылыми байланысты нығайтып, болашақтағы бірлескен жобаларға негіз қалады. Сонымен қатар, қазіргі заманғы тарихи зерттеу әдістерімен танысып, жеке ғылыми ізденістердің аясын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|