қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
04.09.2019

ҚР БҒМ ғылым саласындағы марапаттар мен шәкіртақыларға арналған конкурстар өткізеді

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2019 жылдың қорытындысы бойынша жыл сайынғы сыйлықтарға конкурс жариялайды:

- жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы бір сыйлық;

- гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Ш. Уәлиханов атындағы бір сыйлық;

- педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі мен жұмысы үшiн Ы. Алтынсарин атындағы бір сыйлық;

- түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы бір сыйлық;

- жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы бір сыйлық;

- гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы бір сыйлық;

- 75 мемлекеттік ғылыми шәкіртақыны, оның ішінде 50-і талантты жас ғалымдарға арналған.


Конкурстардың шарттарын www.sc.edu.gov.kz сайтының «Мемлекеттік сыйлықтар мен шәкіртақылар» бөлімінен алуға болады. Конкурстардың материалдарын жеке авторлар немесе олардың сенімді адамдарынан газетте хабарландыру шыққан күннен бастап 30 күн аралығында тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұрынғы ХҚКО) (http://gov4c.kz сайтында мекен-жайлар көрсетілген) қабылданады.