қазақша · русский · english
 
«Ұлы дала тұлғалары» орталығы
 
 

Темірбек Жүргеновтің 120 жылдығына арналды

 

2018 жылдың 8 қарашасында университетімізде еліміздің білім беру, мәдениет және өнер дамуына үлкен үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің туғанына 120 жыл толуына байланысты танымдық дәріс өткізілді.


Т. Жүргеновтің өмірі мен қызметі туралы негізгі баяндаманы ҚазҰПУ ректоры, профессор Такир Балықбаев жасады.


М.Ғабдуллин атындағы «Тұлғатану» орталығының бастамасымен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының өкілдері - Театр өнері факультетінің деканы, өнертану кандидаты, профессор А.Б.Құлбаев, п. ғ. к., доцент А.Е. Садықова арнайы тәрбиелік маңызы бар шарада дәріс оқылды. Ғалымдардың жасаған баяндамасында қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан үлесі мен оның рөлі жайлы кеңінен айтылды. Сондай-ақ, Темірбек Қараұлының өмірі мен қызметі туралы фильм көрсетіліп, мәдени-ұйымдастырушылық қызметі жайлы А.Ж.Өтеғалиеваның баяндамасында кеңінен талданды.

 

Аталған жиын барысында Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кітапханасы «Темірбек Жүргенов теперіш тағдыр» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге Темірбек Қараұлы Жүргенов туралы жазылған кітаптар мен мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар қойылды.

 

Шара аясында студенттер көрме мен фильм қойылымдарын тамашалады. Мұндай дәрістер жеке тұлғалалар мен дәуір кезеңі, қазақ зиялы қауым өкілдерінің адам мен дәуір туралы, қазақ зиялыларының еңбасты арманы - тәуелсіздік туралы танып білуіне мүмкіндік береді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

«Қазақ жоғары білімінің қара шаңырағындағы С. Асфендиаровтың тұлғалық келбеті»

 

2018 жылдың 26 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті бас оқу ғимаратының кіші мәжіліс залында Мәлік Ғабдуллин атындағы Тұлғатану орталығының ұйымдастыруымен «Қазақ жоғары білімінің қара шаңырағындағы С. Асфендиаровтың тұлғалық келбеті» атты тарихи-танымдық дәріс өтті. Аталғандәріс ағымдағы жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90-жылдық мерейтойын атап өтуге бағытталған іс-шаралардың аясында ұйымдастырылды.


Санжар Жапарұлы Асфендияров (1927-1928) Ташкент қаласында 1889 жылы қазан айында әскери тілмаштың отбасында дүниеге келген. Ташкенттегі реальдық училищеде оқыды. 1912 жылы Императорлық әскери-медициналық академияны бітірді. 1913-1917 жылдары әскери дәрігер лауазымында қызмет етті.


1928 жылы Қазақстандағы алғашқы жоғарғы оқу орны -педагогикалық институтта директор болып қызмет атқарды.


Санжар Жапарұлы ана тілінен басқа орыс, ағылшын, француз, неміс, латын және шығыс халықтарының тілдерін еркін меңгерген.


С.Ж.Асфендияров 1937 жылғы тамызда Мәскеуде тұтқындалды. Алматыға ауыстырылып, изоляторда уақытша қамалды. 1938 жылдың 25 ақпанында Алматы қаласында КСРО Жоғарғы соты коллегиясының көшпелі сессиясының үкімі бойынша ату жазасына кесілді.


КСРО Жоғарғы сотының шешімімен С.Ж.Асфендияров 1958 жылдың 26 - мамырында ақталды.


Дәріске жиналған ұстаздардың, студенттер мен магистранттардың назарына М. Әуезов атындағы жас ғалымдар сыйлығының лауреаты, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, санжартанушы А.Ә. Жүнісбаев өзінің «Қазақ мемлекеттік университетінің құрылу тарихи және Санжар Асфендиаровтың ректорлық қызметі» және «Дарын» сыйлығының лауреаты, ҚазҰПУ тарихы бойынша маман Н.Б. Мәнкеев «Тұңғыш қазақ университетін құрудағы С. Асфендиаровтың орны мен рөлі» атты баяндамаларын ұсынды.