қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
23.09.2019

«Жаңа білім беру және аттестаттау технологияларында тест формаларын қолдану» семинары


2019 жылдың 30 қыркүйегі мен 04 қазаны аралығында ректорат ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық біліктілігін арттыру мақсатында «Жаңа білім беру және аттестаттау технологияларында тест формаларын қолдану» курсы бойынша семинар ұйымдастырады. Семинарды педагогика ғылымдарының докторы, профессор Вадим Сергеевич Аванесов (Мәскеу қ.) өткізеді.

 

Семинар қатысушыларына курсты аяқтағаны туралы куәлік беріледі, сонымен қатар барлық дәрістік және басқа да материалдарды орыс және ағылшын тілдерінде қайта жазуға  мүмкіндігі (сайттың сілтемесі: http://viperson.ru/wind.php?ID=425098) болады.

 

Оқуға өтінімдерді (санына шектеу қойылмаған) көрсетілген мекен-жай бойынша алдын-ала электронды поштамен жіберулеріңізді сұраймыз: kaznpu.kaz@gmail.com  28.09.2019 ж. дейін. Анықтама үшін тел.: 291-40-86.