ТҮСУ ШАРТТАРЫ 
  1 маусыммен 25 тамыз аралығында құжаттар қабылданады -	Мектеп түлектері үшін міндетті түрде ҰБТ сертификаты болуы қажет; -	Колледж түлектері үшін міндетті түрде КТ сертификаты болуы қажет; - 18-26 шілде аралығыда мемлекеттік білім беру гранттарына конкурс жарияланып, құжаттар толтырылады. 
  
Түсу үшін қажетті құжаттар: 
-	Берілген үлгідегі өтініш; -	Жеке куәлік көшірмесі - 2 дана; -	Аттестат немесе диплом (түпнұсқа); -	 063 профилактикалық егу картасы (көшерме); -	медициналық анықтама  086-У форма (флюорография суретімен) -	3х4 көлемдегі 6 дана фотосурет; -	ҰБТ немесе КТ сертификаты; -	КТ төлеу үшін реквизиттер 
  
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН 1 кезең. 7 шілдеге дейін құжаттар өткізу қажет. 2 кезең. КТ рұқсат қағаз алу. Шығармашылық емтихан (шығармашылық мамандықтарға түсушілер үшін).  3 кезең. Кешенді тест тапсыру (биылғы мектеп бітірушілеріне міндетті емес). 4 кезең. КТ нәтижесі + шығармашылық емтихан нәтижесінің қосындсы. 
  
Маңызды күндер: 1 маусым және 7 шілде аралығында  шығармашылық емтиханға өтініш қабылданады.  8 - 13 шілде аралығында шығармашылық емтихан тапсырылады. 
  
Балдарды есептеу: Шығармашылық емтиханның максималды балы - 40 балл. Екі шығармашылық емтихан. Шығармашылқы емтиханға түсуші талапкерлер үшін ҰБТ немесе КТ екі пәнінің балы есепке алынады: оқу сауаттылығы (қазақ немес орыс тілінің), Қазақстан тарихы және екі шығармашылық емтихан. 
  
Есептеу: Оқу сауаттылығы (20) + Қазақстан тарихы (20) + бірінші шығармашылық емтихан (40) + екінші шығармашылық емтихан (40) = 120 (максимум балл). 
  
Ескерту: 15 балдан төмен жинаған немесе шығармашылық емтиханға келмеген, кешенді тестке қатыспаған талапкерлер оқуға құжат тапсыра алмайды. 
 Шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға болмайды. 
  
МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫНА ҚАЛАЙ ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ? 1 кезең. Мамандық таңдау Өтініш толтырар кезде 4 мамандық таңдайсыздар. Мамандық таңдайтын кезде сіздің бейіндік пәніңізге тура келуі қажет.  2 кезең. ЖОО таңдау 4 мамандықты таңдап болған соң, сол мамандықтар қай  университеттерде бар екенін біліп алыңызыдар.   3 кезең. Анкетаны толтыру 
 Өтініште төрт түрлі мамандықты  төрт түрлі университетке тапсыра аласыз. 
 МАҢЫЗДЫ! Мамандық шифрын және университет кодын мұқият толтырыңыз.  
 Грант конкурсына қатысу барысында тек ҰБТ нәтижесі, «Алтын Белгі»/ «Үздік аттестат» иегерлеріне және халықаралық олмипиада нәтижелері есепке алынады.
  
  
 |