|   ТҮСУ ШАРТТАРЫ 1 маусыммен 25 тамыз аралығында құжаттар қабылданады
 -	Мектеп түлектері үшін міндетті түрде ҰБТ сертификаты болуы қажет;
 -	Колледж түлектері үшін міндетті түрде КТ сертификаты болуы қажет;
 - 18-26 шілде аралығыда мемлекеттік білім беру гранттарына конкурс жарияланып, құжаттар толтырылады.
   Түсу үшін қажетті құжаттар: -	Берілген үлгідегі өтініш;-	Жеке куәлік көшірмесі - 2 дана;
 -	Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);
 -	 063 профилактикалық егу картасы (көшерме);
 -	медициналық анықтама  086-У форма (флюорография суретімен)
 -	3х4 көлемдегі 6 дана фотосурет;
 -	ҰБТ немесе КТ сертификаты;
 -	КТ төлеу үшін реквизиттер
   ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН1 кезең. 7 шілдеге дейін құжаттар өткізу қажет.
 2 кезең. КТ рұқсат қағаз алу. Шығармашылық емтихан (шығармашылық мамандықтарға түсушілер үшін).
 3 кезең. Кешенді тест тапсыру (биылғы мектеп бітірушілеріне міндетті емес).
 4 кезең. КТ нәтижесі + шығармашылық емтихан нәтижесінің қосындсы.
   Маңызды күндер:1 маусым және 7 шілде аралығында  шығармашылық емтиханға өтініш қабылданады.
 8 - 13 шілде аралығында шығармашылық емтихан тапсырылады.
   Балдарды есептеу:Шығармашылық емтиханның максималды балы - 40 балл. Екі шығармашылық емтихан. Шығармашылқы емтиханға түсуші талапкерлер үшін ҰБТ немесе КТ екі пәнінің балы есепке алынады: оқу сауаттылығы (қазақ немес орыс тілінің), Қазақстан тарихы және екі шығармашылық емтихан.
   Есептеу:Оқу сауаттылығы (20) + Қазақстан тарихы (20) + бірінші шығармашылық емтихан (40) + екінші шығармашылық емтихан (40) = 120 (максимум балл).
   Ескерту:15 балдан төмен жинаған немесе шығармашылық емтиханға келмеген, кешенді тестке қатыспаған талапкерлер оқуға құжат тапсыра алмайды.
 Шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға болмайды.
 
 МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫНА ҚАЛАЙ ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ?1 кезең. Мамандық таңдау
 Өтініш толтырар кезде 4 мамандық таңдайсыздар. Мамандық таңдайтын кезде сіздің бейіндік пәніңізге тура келуі қажет.
 2 кезең. ЖОО таңдау
 4 мамандықты таңдап болған соң, сол мамандықтар қай  университеттерде бар екенін біліп алыңызыдар.
 3 кезең. Анкетаны толтыру
 Өтініште төрт түрлі мамандықты  төрт түрлі университетке тапсыра аласыз.
 МАҢЫЗДЫ! Мамандық шифрын және университет кодын мұқият толтырыңыз.
 Грант конкурсына қатысу барысында тек ҰБТ нәтижесі, «Алтын Белгі»/ «Үздік аттестат» иегерлеріне және халықаралық олмипиада нәтижелері есепке алынады.
 
   |