қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
21.10.2019

Құрметті ҚазҰПУ студенттері!

 

Сіздермен танысатын уақыт келді. Осыған орай жарыс ұйымдастырып жатырмыз.

 

Кімде кім өзі және таңдаған мамандығы жайлы қызықты эссе жазса, сол Қоғаммен байланыс бөлімінен арнайы сыйлық алады.

 

Байқау шарттары:

1. Instagram немесе Facebook желілеріндегі парақшаңызда «Неліктен мен өз мамандығымды таңдадым?» деген сұраққа жауап бере отырып, өзіңіз және кәсібіңіз туралы қысқаша әңгіме жазыңыз.

2. Желіде жазған постыңызды көру үшін, міндетті түрде @Abai_university парақшасын белгілеп, #kazNPUсайысы хэштегін қойыңыз.

 

Постты 27 қазан күні сағат 23:59-ға дейін қоюға болады.

 

Жеңімпаздар постқа қойылған лүпіл саны және эссенің мазмұнына қарай анықталады. Эссенің мазмұнын сайыстың ұйымдастырушылары 1-ден 10 ұпайға дейін бағалайды. Ең көп лүпіл және жоғары балл жинаған авторлар жүлделі 3 орынға ие болады.

 

Сыйлықтар:

1-ші орын - сұхбат пен фотосессия. Материал kaznpu веб-сайтында және білім беру саласындағы басылымдарға шығады. Сонымен қатар арнайы сыйлық болады.

2-шіжәне 3-шіорындар - арнайы сыйлықтар.

 

Ұйымдастырушылар: Қоғаммен байланыс бөлімі, студенттер кәсіподағы.