қазақша · русский · english
   

 

ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУ ШАРТТАРЫ


Докторантураға құжаттар тапсыру мерзімі 3-25шілде.

 

Докторантураға түсуші үміткерлер мамандық бойынша емтиханмен шетел тілін меңгергені туралы халықаралық сертификат тапсырады.

 

Түсу емтихандары:
- 8-16 тамыз аралығында
-оқуға қабылдау 25 тамыз

 

Докторантураға кемінде 1 жыл еңбек өтілі және "магистр" дәрежесі бар адамдар қабылданады.


Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға шетел тілін меңгергені туралы халықаралық сертификатжәне мамандығы бойынша түсу емтихандарының жиынтығы бойынша ғылыми-педагогикалық докторантура үшін кемінде 100 балл болуы қажет.

 

Ақылы түрде білім алу үшін ғылыми-педагогикалық докторантура үшін кемінде 150 балл болуы қажетсоның ішінде шетел тілін меңгергені бойынша халықаралық сертификат.


Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу түрі: күндізгі
Оқыту тілі: қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде


Білім беру талаптары: білім беру мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде жүзеге асырылады.

 

1. ШЕТЕЛ ТІЛІНЕН ЕМТИХАН
Шетел тілін меңгергені туралы халықаралық сертификат тапсырады.
Ағылшын тілі:
- International English Language Tests System (IELTS, ең төменгі балл - 4.5-ден кем емес);
- Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP -460 балдан кем емес);
- Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, ең төменгі балл - 87 -ден кем емес);
- TOEFL ең төменгі - 460 балдан кем емес).
-
Неміс тілі:
-Deutsche Sprachprufung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/ деңгей С1),
- TestDaF-Prufung (Niveau C1/ деңгей С1).

Француз тілі:
- Test de Franзais InternationalTM (TFI - B1 деңгейінен төмен емес, оқылым жән еаудирования);
 -Diplome d`Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгей);
- Diplome Approfondi de Langue francaisе (DALF, С1 деңгей);
- Тest de connaissance du francais (TCF - 400 балдан кем емес).

 

2. МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТАПСЫРЫЛАТЫН ЕМТИХАН
Шетел тілін меңгергені туралы халықаралық сертификаты бар тұлғалар екінші мамандық бойынша тапсыратын емтиханға жіберіледі.


Докторантураға түсу үшін қабылдау комиссиясына төмендегідей құжаттар тапсырады:
- университет ректорының атына жазылған өтініш;
- жеке басты растайтын құжат және оның көшірмесі; 
- нотариалды расталған жоғары білім туралы диплом (бакалавр және магистр) қосымшасымен;
- шетел тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шетел тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат;
- ғылыми еңбектер мен әдістемелік жұмыстарының тізімі (бар болған жағдайда);
- 6 фото сурет (көлемі 3x4);
- медициналық анықтама 086-У форма ( флюорография суретімен);
- кадрларды тіркейтін жеке іс парақ және еңбек жолын растайтын құжат (міндетті зейнетақы қорындағы төлемдері туралы біріңғай жинақтау қорынан көшірме);
- Отандық және шетелдік ғылыми кеңесшімен келісілген болашақта жоспарланған диссертациялық зерттеуге негіздеме;
- мекен-жай анықтамасы.

 

Барлық көшірмемен бірге құжаттардың түпнұсқасы да өткізіледі, құжаттарды салыстырып, тексерген соң түпнұсқа қайтарылады.