Дене шынықтыру және спорт кафедрасы | ![]()
03.04.2025
«Спортшылардың жарыс кезіндегі қарым-қатынас нормалары» ашық семинар сабағы Абай атындағы ҚазҰПУ дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы, магистр Рахым Баялиев «Спорт және жарыс этикасы» пәнінен «Спортшылардың жарыс кезіндегі қарым-қатынас нормалары» тақырыбында 1 курс 3 топ студенттерінің қатысуымен ашық семинар сабағын өткізді.
Ашық семинар сабақтың мақсаты - спортта және жарыс кезінде этикалық категорияларды яғни әдептілік, мейірімділік, ұят, абырой, намыс, қайсарлық, парыз және тағы басқа жақсы қасиеттерді педагог бойына дарыту, сондай-ақ болашақ спортшылардың құзыреттілігін қалыптастырып, этиканың негізгі ұғымдарын түсіндіру. Ашық семинар сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер мен жарыс кезіндегі жаттығулар: спорт және жарыс этикасы пәнінің мазмұндылығы мен ерекшелігін түсіндіру, болашақ педагогтардың спорт және жарыстағы этикасын қалыптастыру, дене қабілеттерін жетілдіру үшін спорттағы этиканы дамыту арқылы спорт және жарыс этикасының оқыту әдістемесі, интербелсенді әдістерді қолданылып рефлексия жүргізу.
Ашық семинар сабаққа кафедра оқытушылары - Лаура Орынбаева, Назерке Каден, Гүлзинеб Ерданова, Шынар Болатқызы, Жасұлан Карибаев қатысты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|