қазақша · русский · english
 
 
 
 Мухиддинов Ерғали Мухиддинұлы
Дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі
Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор
«Спартак» стадионы
 +7(727) 382-27-85
kafedra.timfkis @mail.ru

 

«Дене шынықтыру және спорт кафедрасының тарихы «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы тарихымен байлансты. 2009-2010 оқу жылында Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры академик С.Ж.Піралиев бұйрығымен ДМТмӘ, БӘД кафедрасы құрылды.

 

5B010800 - «Дене мәдениеті және спорт» мамандығы бойынша стандартқа сай педагогикалық кәсіби мамандарды дайындап шығаратын кафедра болып табылады. Бітіруші түлектер «Дене шынықтыру педагогы», «Дене шынықтыру бакалавры» бағытында білім алады.

 

2009-2010 оқу жылы «Дене мәдениеті теориясы мен әдістемесі» кафедрасы болып құрылды. 2018 жылдың тамыз айынан бастап «Сауықтандыру дене шынықтыру» кафедрасымен қосылып, «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы болып аталды. Кафедра құрамында дене шынықтыру саласындағы жетекші мамандар: 7-ғылым докторы, 5 - профессор, 7 - ғылым кандидаты, 6 еңбек сіңірген жаттықтырушы 3 халықаралық дәрежедегі спорт шебері және жоғары білікті әдіскерлер, педагогтар мен психологтар жұмыс істейді. Кафедрада барлығы 569 студент білім алып жатыр.

 

Кафедраның құрылымдық бөлімшелері 4 ғылыми-білім беру кешені болып табылады:
- оқу әдістемелік кешенге жауапты п.ғ.к., доцент Күлмесхан Абдраимова;
- ғылыми зерттеу қызметіне жауапты б.ғ.к., Асылхан Абишев;
- тәрбие жұмысына жауапты аға оқытушы Иса Құрманәлі;
- практикаға жауапты аға оқытушы Өмірғали Рысқұлов.

 

6153