қазақша · русский · english
 
 
 
08.04.2025

Абай университеті мен «Almaty Weightlifting Federation» қоғамдық бірлестігі ынтымақтастық орнатты


2025 жылдың 7 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Алматы қаласы «Almaty Weightlifting Federation» қоғамдық бірлестігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.


Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылым мен мәдениет аясында өзара тиімді ынтымақтастықты орнату, оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелілігін арттыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланған іс-шараға Абай университетінің Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің деканы Ернар Оспанкулов, дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі Нұржан Төлегенұлы, Ауыр атлетикадан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Дәурен Бекмұханбетов, Алматы қаласы ауыр атлетика федерациясының президенті Зиадин Джамбулат, Ауыр атлетика федерациясының Алматыдағы уәкілі Мұхтар Жайлаубеков қатысты.


Меморандумның мақсаты - спорт индустриясы мен университет арасындағы Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласы үшін жоғары арнаулы, бейінді білімі бар кадрлар даярлау, білім беру, спорт және ғылым интеграциясын тереңдету, университеттің бұқаралық спортпен байланысын нығайту саласындағы ынтымақтастық орнату.


Ынтымақтастық екі тарапқа да кәсіби мамандарды даярлауға ықпал етпек.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу