қазақша · русский · english
 
 
 
10.04.2025

«Асқорыту органдарының аурулары мен зат алмасудың бұзылуы үшін ЕДШ кешендерін құру» ашық семинар сабағы


2025 жылдың 7сәуірінде Дене шынықтыру және спорт кафедрасының магистр, оқытушысы Гайсина Қарлығаш Маратқызының «Асқорыту органдарының аурулары мен зат алмасудың бұзылуы үшін ЕДШ кешендерін құру» тақырыбында 2-ші курс 6-топ студенттерінің қатысуымен ашық семинар сабақ өткізді.


Ашық семинар сабаққа кафедраның аға оқытушы Айжан М., магистр оқытушы Әметова Ж.Т, магистр оқытушы Г.С. Ерданова т.б қатысып, өз пікірлерін білдірді. Ашық семинар сабақтың мақсаты - білім алушылардың теориялық және практикалық аспектілерін түсіндіру, емдік дене шынықтырудың принциптерін, әдіс-тәсілдерін игерту, сондай-ақ асқорыту жүйесінің аурулары мен зат алмасудың бұзылуында қолданылатын арнайы дене жаттығуларын дұрыс таңдау және олардың тиімділігін бағалау, сонымен қатар оқу процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету, жаңа білім мен дағдыларды игеру.


Ашық семинар сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер мен технологиялар: дамыта оқыту технологиясы элементтері, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, проблемалық оқыту технологиясының элементтері, топтық жұмыс, онлайн платформада жұмыс (Wordwall.net ), кейс талқылау, интербелсенді әдістері қолданылып рефлексия жүргізілді.

 

  alt=  




Кері оралу