қазақша · русский · english
 
 
 
20.05.2025

ҚазҰПУ оқытушысы еркін және грек-рим күресінен өткен халықаралық турнирде ІІ орын иеленді


2025 жылғы 16-18 мамыр аралығында Алматы қаласында еркін және грек-рим күресінен аргерлер арасында «Ардагер алаңы» атты үшінші халықаралық турнир өтті.


Аталған жарысқа 500-ге жуық балуан қатысты. Солардың қатарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушысы, қауымдастырылған профессор Ержан Балтабаев та өнер көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді.

 

Құттықтаймыз!

 

  alt=  




Кері оралу