қазақша · русский · english
 
 
 
26.05.2025

Абай университетінің студенттері тоғызқұмалақтан ҚР чемпионатында жүлделі орыннан көрінді

 

2025 жылғы мамырдың 16 мен 21 аралығында Қызылорда қаласында тоғызқұмалақтан ерлер және әйелдер арасындағы Х Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты өтті. 

 

Чемпионатта тоғызқұмалақтың блиц түрі бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4 курс студенті Забира Сарсенбаева, 3 курс студенті Ақерке Тұрсынәлі, магистрант Аружан Куатова 2 орын иеленді.

 

Забира Сарсенбаева спорт шебері нормативін орындады.

 

Жаратылыстану және география факультетінің 3 курс студенті Ерасыл Пернебаев ойынның классика түрі бойынша 1 орын, блиц түрі бойынша 2 орын иеленді.

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! 


  alt=  





Кері оралу