Дене шынықтыру және спорт кафедрасы | ![]()
18.02.2019
Жастар жылы-2019
14 ақпанда «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы студенттер арасында шахмат, тоғызқұмалақ, қол күрес спорт түрлерінен «Жастар жылы-2019» тақырыбында жарыс ұйымдастырды.
Жарыстың мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықтарын нығайту, студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттыру. Іс-шараның ашылу салтанатында «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі Ерғали Мухиддинов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа барлық институттардың студенттері белсене қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.
- шахматтан 1-ші орынды Сорбонна-Қазақстан Институтының командасы, 2-ші және 3 -ші орындарды Филология және көптілді білім беру институтының, Жаратылыстану және география институтының командалары алды. - қол күрестен 1-ші орынды Сорбонна-Қазақстан Институтының командасы, 2-ші орынды Жаратылыстану және география институты, 3-ші орынды Тарих және құқық институты иеленді. Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|