қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
11.11.2019

Құрметті білім алушылар, мұғалімдер, түлектер және профессор-оқытушылар!

 

Сіздерді 2019 жылдың 10-11 желтоқсанында профессор Р.М. Қоянбаевтың 80 жылдығына арналып өткізілетін «Рухани жаңғырудағы ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы: теория және тәжірибе» халықаралық ғылыми фестиваліне шақырамыз.

 

Фестиваль мақсаты - Р.М.Қоянбаевтың педагогикалық идеяларын зерттеу арқылы қатысушылардың ғылыми әлеуетін арттыру.

 

Фестиваль кезеңдері:

1. Сырттай өткізілетін «Үздік Қоянбаевтанушы» тақырыбындағы жобалар байқауы (08 қараша - 04 желтоқсан 2019 жыл).

2. Фестивальдің ашылу салтанаты. «Үздік Қоянбаевтанушы» жобалар байқауының қорытындысын жариялау және жүлдегерлерді марапаттау (10 желтоқсан 2019 жыл).

3. 1-2 курс студенттері арасында өткізілетін «Ең үздік Қоянбаев атындағы топ» байқауы (10 желтоқсан 2019 жыл).

4. Бастауыш сынып оқушыларының арасында өткізілетін «SТЕМ» фестивалі (11 желтоқсан 2019 жыл).

5. «Заманауи білім беру трендтері» халықаралық on-line дөңгелек үстелі (11 желтоқсан 2019 жыл).

Ұйымдастырушылар: Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология институты, Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының ұжымы. Байланыс телефоны: 87012723327 Ақерке Умирбекова.

 

Өтетін орны: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 31, 15-дәрісхана.


Қосымшалар: 1. «Үздік Қоянбаевтанушы» жобалар байқауын ұйымдастыру және өткізу туралы ЕРЕЖЕ. 2. Профессор Р.М.Қоянбаевтың 80 жылдығына арналып өткізілетін «Рухани жаңғырудағы ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы: теория және тәжірибе» халықаралық ғылыми фестивалінің бағдарламасы.