қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.04.2022

Көшпенділер әлеміне саяхат

 

2022 жылғы 23сәуірде «Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасының «Туған жер» және «Қазақстанның қасиетті географиясы» этножобалар бағыттары аясында университеттің білім алушыларына арнайы Алматы облысында орналасқан «Көшпенділер шахары» тарихи-мәдени кешеніне баруға танымдық-ағартушылық шарасы ұйымдастырылды.

 

Студенттік саяхаттың мақсаты - жатақханада тұратын шалғайдан келген белсенді студенттердің уақытын тиімді қолдану, отаншылдық рухта мемлекетшілдік сезімді нығайту үшін тарихи-рухани орталарға апару болды. Ашық аспан астында Қазақстанның рухани құндылықтарын біліп құрметтеуге, жастардың жауапкершіліктерін күшейту қоғамдық-танымдық дәрістер өткізілді. Әлеуметтік желіде студенттік саяхаттың ерекше өтуі туралы арнайы фото және бейнебаян түсіру байқауы жарияланып, үздік бес естелік жұмысқа арнайы бағалы сыйлықтар табысталды.

 

Танымдық дәрістерді өткізу аясында, ата-бабаларымыздың арғы тарихы Сақ-үйсін кезеңінен бастап, Түркі қағанаты, Алтын орда, Моғолстан, Жетісу аймағының бай тарихи-рухани құндылықтарын дәріптейтін өлкетану, археология, этнография, қазақ тарихы, тарихи-география және т.с.с кешенді ғылыми деректерімен сусындаған мазмұнды ақпараттар саяхатқа қатысушы жас білім алушыларды қызықтырмай қоймады.

 

Университет басшылығының қолдауына ие болған жоба өзінің студенттік ортада қажеттілігін көрсетті.

 

   

 

   

 

   

 

«Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесі