қазақша · русский · english
 
 
 
25.12.2020

Біздің студенттер «Психология: теориядан практикаға» халықаралық студенттер олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды

 

   

 

2020 жылы 27 қараша - 18 желтоқсан аралығында өткен «Психология: теориядан практикаға» студенттердің халықаралық қашықтық олимпиадасына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Педагогика және психология» мамандығының 4-ші курс студенттері қатысты. В.М.Шукшин атындағы Алтай мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті олимпиаданың ұйымдастырушысы болды. Іс-шараға ТМД елдері мен Ресей Федерациясы университеттерінің 11 командасы өз жұмыстарын ұсынды.

 

«SOUL GENERATION» деп аталатын қазақстандық команда қатысып, оның құрамында -Диана Ильясова (команда капитаны), Салима Серғазы, Интызар Чажабаева, Ксенья Головченко және Александра Берлизова (топ жетекшілері: Айжанова Г.К. п.ғ.д., педагогика және психология кафедрасының доценті және Абдулкаримова Г.А., п.ғ.д., информатика және білім берудегі ақпараттандыру кафедрасының доценті) жүлделі орындарға ие болды.

 

Турлардың нәтижелері бойынша біздің команда келесі марапаттарға ие болды:

- жалпы жеңіс үшін II дәрежелі диплом ( жалпы командалық есеп бойынша);

- «Психологтың этикалық дилеммалары» 2-турдағы жеңісі үшін II дәрежелі диплом;

- командалық презентация байқауында 1-ші турды жеңіп алғаны үшін III дәрежелі диплом (мультимедиялық презентация);

- Эссе байқауынан жеңіске жеткені үшін III дәрежелі диплом;

- «Психологиялық практикадағы арт-терапия» 3-турын жеңіп алғаны үшін III дәрежелі диплом (видеоролик).

 

   

 

   




Кері оралу