Педагогика және психология кафедрасы | ![]()
19.03.2025
Білім беру сабақтастығы: колледж бен жоғары оқу орнының тәжірибе алмасуы 2025 жылдың 17 наурызында «Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің «011406000 - Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі (Біліктілік: 4S01140605 - Шетел тілі мұғалімі)» мамандығының 2 курс студенттеріне және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «6В01801- Әлеуметтік педагогика» мамандығының 1 курс студенттеріне «Отбасымен жүргізілетін жұмыс түрлері» тақырыбында колледж оқытушысы Жарқынай Еменакынова ашық сабақ өтті. Сондай-ақ философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Анар Алимбекова онлайн форматта мектепте отбасымен жүргізілетін жұмыс түрлерінің теориясы мен әдістемесі бойынша ақпараттар беріп, өз тәжірибесімен бөлісті.
Ашық сабақтың мақсаты: Студенттердің білім беру ұйымдарында отбасымен жұмыс жүргізудің түрлері мен ерекшеліктері туралы тұтас түсінік қалыптастыру, олардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және болашақ мамандықтарына қызығуына ықпал ету. Қазіргі заманғы отбасының өзекті мәселелерін талдау, практикалық тапсырмаларды орындау және теориялық аспектілерді талқылау арқылы қол жеткізу. Кәсіби қарым-қатынас дағдыларын, аналитикалық ойлауды дамытуға, теориялық білімді педагогикалық практикада қолдануға және кәсіби бағдар беруге бағытталған.
Ашық сабақ сарапшылары: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры, философия докторы (PhD) Асем Булшекбаева және Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің директорының әдістемелік жөніндегі орынбасары Айгүл Абженбаева, педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Жанат Санымбаева, педагогика, психология пәндерінің оқытушылары Жанат Нурамбаева, Нұргүл Усенбекова.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|