«Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау PISA халықаралық бағдарламасы» ғылыми баттл өтті
2025 жылғы 11 сәуірде Ғылым онкүндігі аясында Педагогика және психология факультеті педагогика және психология кафедрасының аға оқытушылары - әлеуметтік ғылымдар магистрі Сауле Исалиева және педагогика ғылымдарының докторы Ардақ Қалимолдаева «Бағалау және дамыту» пәні бойынша бірлескен сабақ өткізді.
Іс-шара қонағы - педагогика ғылымдарының кандидаты, өнер факультеті музыкалық білім және хореография кафедрасының қауымдастырылған профессор Әлия Момбек.
«Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау PISA халықаралық бағдарламасы» атты ғылыми баттлды Филология факультетінің 2 курс студенттері (РКО және РЯЛ) өткізді. Жүргізуші - Арина Баева, сарапшылар - Диляра Варисова, Жадыра Қалышбек, Ясмин Боранғазиева, мобилограф - Ақбаян Жунис.
Бірінші турда командалар PISA бағдарламасына қарсы және қолдайтын дәлелдер келтіріп, баламалы нұсқаны ұсынды. Екінші турда қатысушылар кластерлерін қорғады (жоба жұмысы), ал соңғы турда интерактивті іс-шараға («Шын немесе Жалған» ойын, «Сөйлемді жалғастыр» викторина) қатысты.
Үш кезеңнің қорытындысы бойынша бірінші орын «Альтернатива: AltPoint» командасы (Мунышова Айымжан, Отеген Арайлым, Вилямова Арзигуль, Зубкова Анастасия), екінші орын - «За: IQнация» командасы (Жандарбекова Гульсезим, Омирбекова Аяжан, Мусагул Мадина, Сундетбай Альбина), үшінші орынды - «Против: TextUp» командасы (Амангельды Сабина, Какенова Аружан, Смаилова Малика, Токтар Назерке) иеленді.
Ғылыми баттл өте қызықты өтті және аудиторияда үлкен қызығушылық тудырды, қатысушылардың белсенділігі және жоғары деңгейде қатысуы оқу сабақтар өткізудегі бұл форматтың тиімділігін көрсетті.
Ғылыми батлл қорытындысы бойынша командалар дипломдар мен сертификаттарға ие болды.

