Педагогика және психология кафедрасы | ![]()
16.04.2018
Педагогика ғылымдары бойынша магистранттардың ІІ Республикалық олимпиадасы
2018 жылдың 10-12 сәуірі аралығында Қазақстан Республикасының алғашқы жоғарғы оқу орнының 90-жылдығына орай Педагогика және психология институтында педагогика және психология кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен педагогика ғылымдары бойынша магистранттардың ІІ Республикалық олимпиадасы өтті.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ректоры Такир Балықбаев, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева, ғылым департаментінің директоры Саябек Сахиевтың қатысуымен олимпиаданың салтанатты ашылуы өтті.
Қазақстанның 15 жоғарғы оқу орындарының магистранттары олимпиада аясында ұйымдастырылған әртүрлі сайыстарға қатысу барысында өз білімдері мен дағдыларын көрсетуге мүмкіндік алды. Олимпиада күндері дөңгелек үстел, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамының қатысуымен жобалық сессия ұйымдастырылды. Тәуелсіз қазылар алқасының шешімі бойынша командаларға жүлделі орындар берілді. 1-ші орынды Абай атындағы ҚазҰПУ-нің командасы иеленді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|