қазақша · русский · english
 
 
 
16.04.2018

Педагогика ғылымдары бойынша магистранттардың ІІ Республикалық олимпиадасы

 

2018 жылдың 10-12 сәуірі аралығында Қазақстан Республикасының алғашқы жоғарғы оқу орнының 90-жылдығына орай Педагогика және психология институтында педагогика және психология кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен педагогика ғылымдары бойынша магистранттардың ІІ Республикалық олимпиадасы өтті.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ректоры Такир Балықбаев, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева, ғылым департаментінің директоры Саябек Сахиевтың қатысуымен олимпиаданың салтанатты ашылуы өтті.


Олимпиаданың құрметті қонақтары танымал ғалым педагогтармен психологтар, академиктер мен қоғам қайраткерлері Ажес Сейтешев, Жолмұхан Түркпенұлы, Валерий Трифонов, Аягул Миразова және Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің профессоры, жүйелік жобалар институтының директоры Вочкова Светлана болды.

 

Қазақстанның 15 жоғарғы оқу орындарының магистранттары олимпиада аясында ұйымдастырылған әртүрлі сайыстарға қатысу барысында өз білімдері мен дағдыларын көрсетуге мүмкіндік алды. Олимпиада күндері дөңгелек үстел, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамының қатысуымен жобалық сессия ұйымдастырылды. Тәуелсіз қазылар алқасының шешімі бойынша командаларға жүлделі орындар берілді. 1-ші орынды Абай атындағы ҚазҰПУ-нің командасы иеленді.

 

       

 

       

 

       

 

       

 

       

 

       

 




Кері оралу