
Бастапқы әскери дайындық кафедрасы  |   Басты / Факультеттер / Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті / Бастапқы әскери дайындық кафедрасы / Жаңалықтар
19.11.2024 
Ерлан Нурмухамбетовтің саптық дайындық пәнінен ашық сабағы 2024 жылдың 15 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бастапқы әскери дайындық кафедрасында аға оқытушы, запастағы полковник Ерлан Нурмухамбетовтің 1 курс студенттерімен «Саптық дайындық» пәнінен «Әскери сәлемдесу» тақырыбында тәжірибелік ашық сабағы өтті. 
 Ашық практикалық сабақтың мақсаты - БӘД кафедрасының студенттеріне саптық дайындық тәсілдерін үйрету, ҚР ҚК-не деген сүйіспеншілігін дамыту және арттыру. 
 Сабақ барысында студенттер қарусыз орында және қимыл барысында, бас киіммен және бас киімсіз әскери сәлемдесу тәсілдерін үйренді. 
 Сабақ қорытындысы бойынша әр студент әскери сәлемдесудің барлық тәсілдерін жетік меңгеріп, өз еріктерімен аталған тәсілдерді үйрете алу деңгейіне жетті. 
 
 
 Кері оралу  | 
| 
 050010, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
  | 
 Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05 
 Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68 
 Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау 
 
 
 
  | 
 «Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы 
  |