қазақша · русский · english
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасының халықаралық қызметі Бастапқы әскери дайындық білім беру саласындағы жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен өзара байланысты тереңдетуге бағытталған даму стратегиясының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Осы стратегиялық бағыт шеңберінде әлемдік деңгейде тәжірибе алмасуға және білім беру бағдарламаларын дамытуға ұмтылысты көрсететін бірнеше оқу орындарымен сәтті шарттар жасалды.


Ресей астанасы Мәскеу қаласындағы Мәскеу мемлекеттік облыстық университетімен ынтымақтастық, Бастапқы әскери дайындық, Тіршілік қауіпсіздігі білім беру саласындағы өзара байланысты тереңдетуге, сондай-ақ, тәжірибе алмасу және бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру үшін платформа құруға бағытталған ынтымақтастық шартымен белгіленеді. Негізгі аспект-студенттік және оқытушылық тәжірибені қолдауға бағытталған білім беру бағдарламаларын бірлесе әзірлеу болып табылады.


Түркиядағы Нийде қаласы Омер Халисдемир университетімен серіктестік орнату мақсатында ынтымақтастық туралы шарт жасалынған. Құжатта, Бастапқы әскери дайындық, Тіршілік қауіпсіздігі білім беруді дамытуға және екі ел университеттері арасында академиялық тәжірибе алмасуға бағытталған. Сондай ақ, бірлескен ғылыми жобалар мен іс-шаралар атқаруда, кәсіби және шығармашылық дамуға кең мүмкіндіктер береді.