Бастапқы әскери дайындық кафедрасы | ![]()
19.11.2024
«Бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі» секциясы бойынша студенттердің 79-ші ғылыми конференциясы 2024 жылдың 18 қарашасында Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті бастапқы әскери дайындық кафедрасында «Бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі» секциясы бойынша студенттердің 79-ші ғылыми конференциясы өтті.
Студенттердің 79-ші ғылыми конференциясында барлығы 14 тақырып бойынша баяндама жасалды. Конференция қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, 1-ші орынды 4 курс студенті Рамазан Бурахан, 2-ші орынды 4 курс студенті Жансая Аманбекқызы және 4 курс студенті Нурмухамет Ердаулетұлы, 3-ші орынды 4 курс студенті Арсен Толепберген, 4 курс студенті Еркебұлан Семен, 4 курс студенті Диана Дукенбаева иеленді. «Жақсы баяндамашы» номинациясы бойынша Рулан Зауытбай, «Ораторлық шеберлік» номинациясы бойынша Айбол Базарбек, «Үздік презентация» номинациясы бойынша Қуаныш Сызатов марапатталды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|