қазақша · русский · english
 
 
 
17.03.2025

Абай университетінің студенттері – «Орталық Азияның үздік студенті» халықаралық конкурсының жеңімпаздары

 

2025 жылдың 15 наурызында Астана қаласында дарынды жастардың қатысуымен «Орталық Азияның үздік студенті» халықаралық конкурсы өтті. Орталық Азия елдерінің жастар саясатын дамытуға бағытталған шараны «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығы «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

 

Конкурсқа Абай атындағы ҚазҰПУ Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті «Бастапқы әскери дайындық» мамандығының 2 курс студенттері - Талшын Хамет, Альбина Еменова, Диана Сауырдинова қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

Құттықтаймыз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу