қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.05.2022

Nazarbayev University өкілдері академиялық бағдарламаларды әзірлеу бойынша оқыту өткізді


2022 жылғы 12-13 мамырда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Институционалдық тиімділік кеңсесі мен Назарбаев Университеті өкілдері Абай университеті, ҚазҰҚПУ және Жұбанов университеті қызметкерлеріне «Академиялық бағдарламаларды әзірлеу» тақырыбында оқыту жүргізді. Өз университетінің тәжірибесін тарату шеңберіндегі кейбір аспектілер. Сабаққа біздің университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен докторанттары қатысты.

 

Білім беру бағдарламаларын жобалаудың озық халықаралық тәсілдері мен қағидаттарын ескере отырып бағдарлама әзірленген. Спикерлер ретінде институционалдық тиімділік жөніндегі Бас директор Данкан Пристли, институционалдық тиімділік жөніндегі бас менеджер Айжан Мусина, академиялық сапаны арттыру жөніндегі үйлестіруші Әлия Сүлейменова, оқыту және білім беру бағдарламаларын аккредиттеу жөніндегі менеджер Эльмира Табылдиева сөз сөйледі.

 

Іс-шараға қатысушылар академиялық бағдарламаларды әзірлеудің тұжырымдамаларымен және тәсілдерімен танысты; интернационалдандыру және халықаралық бенчмаркинг; конструктивті келісу тәртібі, оқытудың мақсаттары мен нәтижелерін әзірлеу, оқу жетістіктерін бағалау. Сондай-ақ, білім беру сапасы, академиялық бағдарламаларды әзірлеу, институционалдық тиімділік және басқа да мәселелер талқыланды.

 

Ортақ стратегиялық мақсаттардың игілігі, білім беруді дамытуға қолдау көрсеткені және ықпал еткені үшін Nazarbayev University әріптестеріне алғысымызды білдіреміз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=