қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.05.2022

XІV Республикалық студенттердің пәндік онлайн олимпиадасының қорытынды нәтижесі шықты

 

2022 жылдың 17 мамырында Гумилевтың 110 жылдық мерейтойына орай Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «6В02203 (5В020300) - Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша XІV Республикалық студенттердің пәндік онлайн олимпиадасының қорытынды нәтижесі белгілі болды.

 

Олимпиадаға Тарих және құқық институтының Әлем тарихы кафедрасына қарасты «6В02203 (5В020300)-Тарих» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері Жапар Айсәуле, Қаппар Иманжан және 3-курс студенттері Құлдарбек Нұржан, Норгашимов Бахтжоннан құралған «Тарих тарландары» командасы, профессор Б.С. Жұмағұлов пен оқытушы А.Э. Сбанбаеваның жетекшілігімен қатысты. Тарихшыларымыз үшінші орынды иеленді.

 

Төрт турдан тұрған осы студенттік пәндік олимпиаданың мақсаты - студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашып көрсету, дарынды студенттерді іріктеу және қолдау; студенттердің интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруда көмек көрсету; қазіргі ғылыми мәселелерді шешуге студенттер мен жас ғалымдарды тарту; ғылымға деген қызығушылықтарын дамыту.

 

Команда жетекшілері профессор Болат Жұмағұлов пен магистр-оқытушы Айгерим Сбанбаеваны және олимпиадаға қатысқан студенттерді марапаттарымен құттықтаймыз!

 

  alt=  

 

  alt=