Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы | ![]()
04.12.2024
Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы оқыту семинар-тренинг өткізді
2024 жылғы 26-27 қарашада Манғыстау облысының Ақтау қаласында қабілеттерді диагностикалау әдістемесінің авторы, психология мамандығы бойынша философия докторы (PhD), Абай атындағы ҚазҰПУ «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының аға оқытушысы Кудушева Нұрғайша Ахметжанқызы оқыту семинар-тренингін жүргізді.
«El Umiti» корпоративтік қорының «Qabilet» қызметі ұйымдастырған семинар-тренинг оқушылар сарайы базасында және «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесінде өткізілді. Тыңдаушылар Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысы аймағынан келген мектеп директорлары, әдіскерлері, мектеп педагог-психологтары болды.
Семинар-тренингтің мақсаты - білім беруші тұлғалардың кәсіби және эмоциялық қажуының алдын алу, олардың психологиялық денсаулығын жақсарту, әрі позитивті күй қалыптастыру болды. Семинар-тренингке қатысқан мамандар өткізілген іс-шараны нәтижесінде меңгерген тәжірибенің өздері үшін аса құнды әрі пайдалы болғанын, осы үлгідегі іс-шараларды тұрақты түрде өткізудің қажеттілігін атап көрсетті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|