қазақша · русский · english
 
 
 
18.02.2025

3-курс студенттерінің педагогикалық іс-тәжірибе бойынша қорытынды конференциясы


2025 жылдың 17 ақпанында Педагогика және психология факультеті жалпы және қолданбалы психология кафедрасының «6В03111-Практик психологтарды даярлау» мамандығы 3-курс студенттерінің педагогикалық іс-тәжірибенің аяқталуына байланысты қорытынды конференциясы Алматы қаласының №53 мектеп-гимназиясында өткізілді.

 

Педагогикалық іс-тәжірибенің әдіскері ретінде жалпы және қолданбалы психология кафдерасының аға оқытушысы, магистр Гүлмира Момбиева практикант-студенттердің практика барысында жүргізген жұмыстарына жоғары баға беріп, іс-тәжірибенің талаптарға сай жүргізілгені туралы қорытынды есеп берді. Іс-тәжірибе барысында студенттер практика базасында теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, кәсіби біліктіліктерін шыңдады. №53 мектеп-гимназия директоры Әсем Омишева, директордың оқу ісі бойынша орынбасары Нұржамал Сейдакова, мектеп психологы Айдана Альмуханова және мамандық әдіскері Гүлмира Момбиева практикант-студенттерге бағыт-бағдар беріп, іс-тәжірибенің талапқа сай жүруіне жағдай жасады.

 

Студенттер бекітілген жоспарға сәйкес оқушылармен диагностикалық, түзету, алдын алу және дамыту жұмыстарын жетекшілердің бақылауында шеберлікпен жүргізе білді. Сонымен қатар, мектеп-гимназияның мұғалімдерімен «Ұстаздық өрлеу: қажудан - шабытқа!» атты семинар-тренинг өткізіп, әкімшілік пен ұстаздардың жоғары бағасын алды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу