Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы | ![]()
19.02.2025
3 курс студенттерінің педагогикалық практикасы бойынша қорытынды конференция 2025 жылдың 18 ақпанында Педагогика және психология факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасы «6В03111-Практик-психологтарды даярлау» мамандығы бойынша орыс бөлімі 3 курс студенттерінің педагогикалық практикасының аяқталуына арналған қорытынды конференция өткізді. 3 курс студенттерінің педагогикалық практикасы Алматыдағы №35 гимназиясында және № 95 мектеп-лицейінде өткізілді. Педагогикалық практика әдіскерлері Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты Эльмира Әбішева болды.
Қорытынды конференцияға жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Ниетбаева, оқытушы-әдіскерлер Эльмира Абишева, Айша Надирбекова, Сәулет Тукебаева қатысты.
Педагогикалық іс-тәжірибеден өту барысында студенттер теориялық білімдерінің практикамен байланысын көрсетті және кәсіби дағдыларын шыңдады. Мектеп психологтары мен «6В03111-Практик-психологтарды даярлау» Білім беру бағдарламасының практика әдіскері студент-практиканттарға әдістемелік нұсқаулар беріп, іс-тәжірибеден өту үшін барлық қажетті жағдайларды дайындады. Студенттер бекітілген іс-тәжірибе жоспарына сәйкес оқушылармен диагностикалық, түзету, профилактикалық және дамыту жұмыстарын жүргізді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|