Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы | ![]()
19.02.2025
«Сөзден – сезімге» тренингі 2025 жылдың 18 ақпанында ҚазҰАЗУ-нің Инженерлік технологиялар факультетінде «Сөзден - сезімге» тақырыбында тренинг ұйымдастырылып өткізілді. Аталған тренингті Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «6B03111 - Практик-психологтарды даярлау» мамандығының 4-курс студенттері ұйымдастырды. Жүргізілген іс-шараға университет басшылығы, өндірістік іс-тәжірибе жетекшілері және оқытушылар қатысты.
Тренингтің негізгі мақсаты - коммуникацияны дамыту, өзара түсіністік орнату және кәсіби қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру болды. Тренингті өткізу барысында қатысушылар түрлі тәжірибелік тапсырмалар орындап, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті. Интерактивті форматта өткен тренинг қатысушылар үшін пайдалы әрі мазмұнды болды.
Тренинг соңында университет басшылығы мен ұйымдастырушылар шараның маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға алғыс білдірді. Бұл кездесу болашақ мамандардың кәсіби және тұлғалық дамуына оң ықпалын тигізері сөзсіз.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|