қазақша · русский · english
 
 
 
28.02.2025

Петропавл қаласындағы облыстық семинар: дарынды оқушыларды дамыту және мұғалімдерді қолдау


2025 жылдың 25 ақпанында Петропавл қаласында «El Umiti» Корпоративтік қоры мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Қызылжар дарыны» КММ бірлесіп көшпелі өңірлік семинар ұйымдастырып, өткізді. Бұл шара дарынды мектеп оқушыларын қолдауға, оқушылар мен мұғалімдердің психологиялық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ балалардың қабілеттерін анықтау жүйесін дамытуға бағытталған.

 

Өткізілген өңірлік семинарға Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор Гүлмира Ниетбаева және аталған кафедраның қауымдастырылған профессор м.а., психология ғылымдарының кандидаты Эльмира Абишева қатысты.

 

Өңірлік семинардың өткізілу аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ғалымдары Солтүстік Қазақстан өңіріндегі 50 педагог-психологтарға арналған «4К» қабілеттерін (сыни ойлау, креативтілік, коммуникация, коллаборация) диагностикалау және дағдыларын дамыту әдістемелері бойынша тренингтер өткізді. Семинарға қатысушылар өткізілген тренингтің нәтижесінде өзара тәжірибе алмасуға, дарынды балалармен жұмыс істеудің озық әдістерін меңгеруге және Солтүстік Қазақстан облысында білім беруді дамытуға ықпал ететін жаңа білім алуға мүмкіндік алды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу