Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы | ![]()
12.03.2025
«Тұлға потенциалының көріну ерекшеліктері» практикалық семинары
2025 жылдың 10 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті жалпы және қолданбалы психология кафедрасының докторанттары мен кафедра меңгерушісі Гүлмира Ниетбаеваның басшылығымен «Тұлға потенциалының көріну ерекшеліктері» тақырыбында практикалық семинар ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты - психологияның заманауи бағыттарымен таныстыру және ғылым мен практиканы ұштастыруға үлес қосу болды.
Семинардың қонағы ретінде Семей қаласы, оңалту орталығының кеңесші психологы, энерготерапевт Асем Байбасарова шақырылып, тұлғаның жеке әлеуетін ашудың маңыздылығы мен адам бойындағы энергияны ғылыми тұрғыдан түсінудің мәні туралы баяндама жасады.
Семинар барысында келесі мәселелер талқыланды: тұлға потенциалының мәнін ашу, оның энергиямен өзара байланысын анықтау, энергия көздері және оны тиімді басқару әдістерін қарастыру, өзін-өзі дамыту стратегияларын ұсыну.
Практикалық семинарға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы - профессор Алма Акажанова, Нургайша Кудушева, Гүлжанар Бекмуратова, Саулет Тукебаева, сондай-ақ кафедраның докторанттары мен магистранттары қатысты.
Семинарға қатысушылар осы әдістердің энерготерапияның тиімділігі туралы пікір алмасып, тәжірибелік қолдану әдістерін талқылады. Семинар қатысушыларға тұлға потенциалы мен энергияның өзара байланысын тереңірек түсінуге мүмкіндік беріп, психологиялық әдістердің практикалық маңыздылығын айқындады. Бұл бағыттағы зерттеулер мен тәжірибелік жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, психология мен энерготерапияның өзара ықпалдастығын одан әрі дамытуға негіз болады. Болашақта осындай іс-шаралар ұйымдастырылып, ғылыми және қолданбалы зерттеулерді кеңейтуге, психологиядағы жаңа әдістерді тәжірибеге енгізуге бағытталады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|