қазақша · русский · english
 
 
 
11.04.2025

«Қазіргі психология ғылымы мен тәжірибесінің даму тенденциялары мен перспективалары» Халықаралық дөңгелек үстел


Абай атындағы ҚазҰПУ-де 2025 жылғы 07 сәуірден 14 сәуірге аралығында өткізілетін Ғылым апталығының іс-шаралары аясында 2025 жылғы 8 сәуірде Педагогика және психология факультетінің «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасы «Қазіргі психология ғылымы және тәжірибесінің даму тенденциялары мен перспективалары» атты Халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырып, өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты - қазіргі психология ғылымы мен тәжірибесінің өзекті бағыттарының даму тенденцияларын талқылау және талдау.

 

Дөңгелек үстел жұмысы келесі секциялар бойынша жүргізілді:

1.Жалпы және қолданбалы психологияның қазіргі мәселелері;

2.Практик-психологтарды даярлау жүйесіндегі клиникалық психология;

3.Практик-психологтарды даярлау жүйесіндегі дарындылық психологиясы.

Дөңгелек үстелге қатысушыларға Педагогика және психология факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Абаева Ғалия Әскербекқызы және «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор, қауымдастырылған профессор Ниетбаева Гүлмира Бекенқызы құттықтау сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел жұмысында келесі спикерлер баяндама жасады:

1. Аяпбергенова Альмира Жеңісқызы - PhD доктор, ҚазҰҚызПУ «Теориялық және практикалық психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Баяндаманың тақырыбы - «Өмірлік өзгерістерге бейімделудің шарты ретінде эмоционалды интеллектіні дамыту»;

2. Южель Гелишли - PhD докторы, Гази университетінің профессоры (Анкара қаласы, Түркия). Баяндаманың тақырыбы - «Kapsayici egitim egitimde farklilastirma (инклюзивті білім беру. Білім берудегі саралау)»;

3.Каримова Раушан Бейдалиевна - психология ғылымдарының докторы. Баяндама тақырыбы - «Девиантты мінез-құлықтың клиникалық-психологиялық сипаттамасы: оқушылардан ересектердің кәсіби ауытқуына дейін»;

4. Сатова Акмарал Кулмагамбетовна - психология ғылымдарының докторы, профессор. Баяндаманың тақырыбы - «Дарынды балалармен және жастармен жұмыс істеуге практик-психологтарды даярлаудың теориялық негіздері»;

5. Акажанова Алма Таурбекқызы - психология ғылымдарының докторы, профессор м.а. Баяндаманың тақырыбы - «Пенитенциарлық мекемелердің тәрбиеленушілерін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу».

6. Тапалова Ольга Бейсеновна - психология ғылымдарының докторы, зерттеуші-профессор. Баяндаманың тақырыбы - «Болашақ клиникалық психологтарды даярлау».

7. Утеулова Алия Аскаровна - әлеуметтік ғылымдар магистрі, ҚазОРҒЗИ психологиялық және әлеуметтік көмек беру бөлімінің басшысы. Баяндама тақырыбы -«Онкологиялық науқастарды психологиялық қолдау: стресс, бейімделу және өмір сапасы»;

8. Жапаров Эльдар Жанатұлы - әлеуметтік ғылымдар магистрі, Алматы қаласы. ҚБ «Психологиялық қолдау орталығы» маманы. Баяндаманың тақырыбы - «Алматы қаласының білім беру ұйымдарындағы дезадаптация және психодиагностика мәселелері».

 

Халықаралық дөңгелек үстелдің жұмысына Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының «8D03105-Психология» ББ, «8D03117-Клиникалық және әлеуметтік психология» ББ докторанттары Прмантаева Гүлназ, Сүйіндікова Нұргүл баяндама жасады, «7М03118 - Психотерапия негіздерімен денсаулық психологиясы» ББ магистранттары және кафедраның профессор-оқытушылар құрамы белсенді қатысып, баяндамалар бойынша туындаған мәселелер бойынша талқылауға қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу