«Қазіргі психология ғылымы мен тәжірибесінің даму тенденциялары мен перспективалары» халықаралық дөңгелек үстелі
2025 жылғы 07 сәуірден 14 сәуір аралығында өткізілетін Ғылым апталығының іс-шаралары аясында 2025 жылғы 8 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті жалпы және қолданбалы психология кафедрасы «Қазіргі психология ғылымы және тәжірибесінің даму тенденциялары мен перспективалары» атты халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты - қазіргі психология ғылымы мен тәжірибесінің өзекті бағыттарының даму тенденцияларын талқылау және талдау.
Дөңгелек үстел жұмысы келесі секциялар бойынша жүргізілді:
1.Жалпы және қолданбалы психологияның қазіргі мәселелері;
2.Практик-психологтарды даярлау жүйесіндегі клиникалық психология;
3.Практик-психологтарды даярлау жүйесіндегі дарындылық психологиясы.
Дөңгелек үстелге Педагогика және психология факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ғалия Абаева және жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор, қауымдастырылған профессор Гүлмира Ниетбаева қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысында келесі спикерлер баяндама жасады:
1. Альмира Аяпбергенова - PhD доктор, ҚазҰҚызПУ «Теориялық және практикалық психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Баяндаманың тақырыбы - «Өмірлік өзгерістерге бейімделудің шарты ретінде эмоционалды интеллектіні дамыту»;
2. Гелишли Южель - PhD докторы, Гази университетінің профессоры (Анкара қаласы, Түркия). Баяндаманың тақырыбы - «Kapsayici egitim egitimde farklilastirma (инклюзивті білім беру. Білім берудегі саралау)»;
3. Раушан Каримова - психология ғылымдарының докторы. Баяндама тақырыбы - «Девиантты мінез-құлықтың клиникалық-психологиялық сипаттамасы: оқушылардан ересектердің кәсіби ауытқуына дейін»;
4. Ақмарал Сатова - психология ғылымдарының докторы, профессор. Баяндаманың тақырыбы - «Дарынды балалармен және жастармен жұмыс істеуге практик-психологтарды даярлаудың теориялық негіздері»;
5. Алма Акажанова - психология ғылымдарының докторы, профессор м.а. Баяндаманың тақырыбы - «Пенитенциарлық мекемелердің тәрбиеленушілерін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу».
6. Ольга Тапалова - психология ғылымдарының докторы, зерттеуші-профессор. Баяндаманың тақырыбы - «Болашақ клиникалық психологтарды даярлау».
7. Алия Утеулова - әлеуметтік ғылымдар магистрі, ҚазОРҒЗИ психологиялық және әлеуметтік көмек беру бөлімінің басшысы. Баяндама тақырыбы -«Онкологиялық науқастарды психологиялық қолдау: стресс, бейімделу және өмір сапасы»;
8. Эльдар Жапаров - әлеуметтік ғылымдар магистрі, Алматы қаласы. ҚБ «Психологиялық қолдау орталығы» маманы. Баяндаманың тақырыбы - «Алматы қаласының білім беру ұйымдарындағы дезадаптация және психодиагностика мәселелері».
Сондай-ақ халықаралық дөңгелек үстелдің жұмысына жалпы және қолданбалы психология кафедрасының «8D03105-Психология» ББ, «8D03117-Клиникалық және әлеуметтік психология» ББ докторанттары Гүлназ Прмантаева, Нұргүл Сүйіндікова қатысып, баяндама жасады. Ал, «7М03118 - Психотерапия негіздерімен денсаулық психологиясы» ББ магистранттары және кафедраның профессор-оқытушылар құрамы белсенді қатысып, баяндамалар бойынша туындаған мәселелер бойынша талқылауға қатысты.




