Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы | ![]()
14.04.2025
«Практик-психологтарды даярлау» Білім беру бағдарламасы бойынша Ашық есік күні 2025 жылдың 09 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ұйымдастыруымен Ашық есік күні өтті. Бұл іс-шараға Алматы қаласы мектептерінің 10 және 11 сынып оқушылары, психологтар, университет түлектері, практикалық психология саласындағы мамандар шақырылды.
Ашық есік күніне арналған іс-шарада жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушылары мен профессорлары қатысушыларға психология мамандығының қыр-сыры туралы түсіндірді. Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті жалпы және қолданбалы психология кафедрасы Ашық есік күніне белсенді қатысты. Іс-шараның басталуын Педагогика және психология факультетінің деканы Ғалия Абаева кіріспе сөз сөйлеумен ашып берді. Ашық есік күніне арналған іс-шара жылы және шабыттандыратын атмосферада өтті. Шараны ұйымдастыру мен өткізуге кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты Кунслу Тусубекованың жетекшілігімен кафедра оқытушылары мен студенттері қатысты.
Кафедра оқытушысы Анель Садыкова психолог мамандығына қызығушылық таныту мақсатында оқушылармен психологиялық тренинг өткізді. Аталған іс - шараны өткізу барысында мектеп оқушыларына кафедра қызметі туралы бейнеролик көрсетілді, сондай-ақ 2 курс студенті Елжан Тасболат практик-психолог мамандығы туралы презентация ұсынды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|