Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы | ![]()
22.04.2025
Экзистенциалды психология және логотерапия практикумы 2025 жылдың 17 сәуірінде Педагогика және психология факультетін жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты Нұргүл Бегалиеваның ұйымдастыруымен 1-3 курс студенттеріне арналған «Экзистенциалды психология және логотерапия практикумы» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді. Шеберлік сағаты «6В03111- Практик-психологтарды даярлау» мамандығының 1-курс студенттеріне оқу жоспарына сәйкес жүретін оқу практикасы негізінде ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты - экзистенциалды психология, экзистенциалдылоготерапияның теориясы және қолдану практикумымен студенттерді кеңінен таныстыру. Шеберлік сағаттың қонағы ретінде практик психолог, логотерапевт «Орталық Азиядағы Логотерапия» орталығының жетекшісі Амангелді Мейрамбекұлы шақырылды.
Шеберлік сағатта Амангелді Мейрамбекұлы гуманистік психологияның бағыттарының бірі - экзистенциалды психологияға кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, экзистенциалды терапия, логотерапияның теориясы мен қолдану практикумы, экзистенциалды ваккум, өмірдің мәнін табу, неврозға түскен клиенттерге психологиялық көмек көрсетудің тиімді әдістері жайында және т.б. тың ақпараттармен бөлісті.
Шеберлік сағатқа кафедраның аға оқытушысы, PhD докторы Нұрғайша Кудушева, аға оқытушы, психология ғылымдарының кандидаты Нұргүл Бегалиева және «6В03111- Практик-психологтарды даярлау» мамандығының 1-3 курс студенттері қатысты. Шеберлік сағатқа қатысушы студенттер логотерапияның тиімділігі, тәжірибелік қолдану мүмкіндіктері жайында пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Дәріс студенттердің өз мамандықтарына деген қызығушылықтарын оятты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|