Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы | ![]()
09.06.2025
Абай университетінің ғалымдары II Халықаралық психологтар форумына қатысты 2025 жылғы 3-4 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі және «El Umiti» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Балалардың қабілеттерін диагностикалау мен дамытудың заманауи технологиялары: тәжірибесі, мәселелері және перспективалары» атты II Халықаралық психологтар форумы өтті.
Форум жұмысына жетекші отандық және шетелдік Италиядан, Словениядан, Өзбекстаннан, Ұлыбританиядан және АҚШ-тан қабілет пен дарындылықты зерттеуші ғалымдар қатысты. Халықаралық форумға Абай атындағы ҚазҰПУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушылары - психология ғылымдарының докторы, профессор Ақмарал Сатова, психология ғылымдарының кандидаты Эльмира Абишева, Phd, аға оқытушы Нұрғайша Кудушева, магистр, аға оқытушы Сәулет Тукебаева, магистр, аға оқытушы Анель Садыкова қатысты.
ҚазҰПУ оқытушылары «El Umiti» қоры» корпоративтік қорымен бірлестікте «Мектеп оқушыларының қабілеті мен дарындылығын психологиялық диагностикалау мен дамыту» жобасының аясында бірнеше оқу-әдістемелік құралдар мен әдістемелердің авторлары ретінде, Халықаралық психологтар форумының барысында мазмұнды баяндамалар жасап, шеберлік сыныптарын өткізді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|