қазақша · русский · english
 
 
 
11.02.2020

Түрік профессорының университетімізге сапары

 

2020 жылдың 7 ақпанында Филология және көптілді білім беру инcтитуты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Ерғали Есбосыновтың шақыруымен Карадениздерги Халықаралық журналының бас редакторы профессор Ердоған Алтынқайнақ келді.

 

Осы журналдың алдағы бір санын «Абай жылына» арнап рәсімдеуге байланысты түркиялық профессор институт директоры профессор Балтабай Әбдіғазиұлымен, Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор профессор Ақтолқын Құлсариевамен келіссөз жүргізді. Келіссөз нәтижесін баяндау мақсатымен институт директоры ректор Такир Балықбаевпен кездесті. Соның нәтижесінде түрік, ағылшын, орыс тіліндегі импактфакторлы Түркиялық басылым - Халықаралық Карадениздерги журналының № 46, маусым айындағы саны «Абай жылы» арнайы саны болып жарияланатын болды.


Сонымен қатар профессор Ердоған Алтынқайнақ түрік тілін оқитын студенттермен кездесіп сұхбаттасты, сұрақтарына жауап беріп түрік тілі мен әдебиетінің қазіргі ахуалы туралы өз пікірін ортаға салды.

 

   

 

   

 

 




Кері оралу