қазақша · русский · english
 
 
 
02.03.2020

Біздің студенттер республикалық пәндік олимпиадасының жеңімпаздары


2020 жылдың 25-26 ақпаны күндері Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті «Шет тілдері» мамандықтар тобы бойынша Республикалық пәндік олимпиадасын ұйымдастырды.

 

Оған университетіміздің Филология және көптілді білім беру институты Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының студенттері мен оқытушылары қатысты. Университет доценттеріі Кульсун Абдрахманова мен Элеонора Қансейітова және оқытушы Нұржамал Қоспағамбетова «Шетел филологиясы - араб және түрік тілдері» мамандығы бойынша әділқазылар алқасының мүшелері болды.

Айтулы бәсекеге қатысқан студенттеріміз оқып жатқан шет тілі бойынша сапалы білімі мен біліктілігін дәлелдеп қайтты. Атап айтқанда түрік тілі бойынша, 4-ші курс студенті Аида Самат - 2-ші орын; жетекшісі аға оқытушы Гүлназ Сатбай. Араб тілі 2-ші курс студенттері 3-ші орынға ие болды: Әсемгүл Сүндетова - жетекшісі ф.ғ.к., доцент Кульсун Абдрахманова; Шұғылы Амантай, жетекшісі - ф.ғ.к. Элеонора Қансейітова; Алтынай Әзімхан, жетекшісі - аға оқытушы Рая Оразова. Неміс тілінен; 4-ші курс студенті Дана Агатаева - 2-ші орынға ие болып, «Аударма ісі» мамандығы бойынша қатысқан 2-ші курс студенті Диана Айсаева мақтау қағазбен марапатталды - жетекшісі, аға оқытушы Кулзаги Ибрагимова.

 

Университет Кульсун Абдрахманова араб тілінің таңдаулы мамандарының бірі ретінде Республикалық пәндік олимпиаданың төрайымы, университет ректоры С.С.Құнанбаеваның алғыс хатына ие болды. Кафедра меңгерушісі Ерғали Есбосынов институт басшылығы және кафедра ұжымы атынан білімді студенттеріміз бен білікті оқытушыларымызды айтулы жарыстан жүлделі оралғандары үшін құттықтады.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу