қазақша · русский · english
 
 
 
23.04.2020

«Жас ақындар шығармашылығының тәрбиелік мәні»
онлайн-семинары

 

2020 жылдың 21 сәуірінде Филология және көптілді білім беру инcтитуты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының аға оқытушылары Шариям Баратова, Халминам Масимова және «Шетел филологиясы: ұйғыр тілі» мамандығында білім алып жатқан студенттер қауымы «Жас ақындар шығармашылығының тәрбиелік мәні» тақырыбында онлайн-семинар ұйымдастырды.


Семинарға ҚР БҒМ ҒК М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері Алимжан Хамраев мырзамен қатар, еліміздің көпұлтты әдебиетінің дамуына өзіндік үлес қосып келе жатқан жас ақындарымыз Вильям Молотов, Молутжан Тохтахунов, Абдулжан Азнабакиевтар сынды қалам шеберлеріміз қатысты.


Шара барысында баяндама жасаған Алимжан Хамраев бүгінгі жас ақындар шығармашылығына кеңірек тоқталып өтті. Жас қаламгерлер шығармалары ұрпақты елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелейтінін айта келе, поэзия саласына тән ерекшеліктерге орай зерделі де ұлағатты сөздерімен жалғастырды. Жастарға өз пікірі мен ұсыныстарын білдірді. Онлайн-семинарды кафедрамыздың доценті Шариям Баратова жүргізіп отырды. Семинарда әр ақын сөз алып, өз өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Семинар барысындаақындарымыз студеттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.


Семинар соңында Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Ерғали Есбосынов сөз сөйлеп, мұндай онлайн-семинарлардың маңыздылығына тоқтала келе қатысушыларға, ұйымдастырушы ұстаздарға алғыс айтты. Семинарға кафедрамыздың арап тілі оқытушыларынан Рая Оразова мен Элеонора Қансейітова, қытай тілі оқытушысы - Гүлия Алиханқызы, ағылшын тілі пәні оқытушысы Ерлан Самбетов қатысты.

 

      

 

      

 




Кері оралу